704

Нұрлан Сабыров Дубайда ерлердің жыныстық мүшесін үлкейту бизнесімен айналыспақ – Ресейлік БАҚ

Әзілкеш ерлер денсаулығы саласындағы жобаға кірді деген ақпарат тарады.

Нұрлан Сабыров Дубайда ерлердің жыныстық мүшесін үлкейту бизнесімен айналыспақ – Ресейлік БАҚ
Maksim Konstantinov / Global Look Press

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ресейлік БАҚ қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабыровтың Дубайда ерлер денсаулығына арналған медициналық бизнеске қатысуы мүмкін екенін жазды.

Ресейдің Telegram-арналары таратқан ақпаратқа сәйкес, Нұрлан Сабыров урологиялық қызметтер көрсететін медициналық орталықтың үлесіне кірген. Мәліметтерге қарағанда, сөз ерлер денсаулығына бағытталған қызметтерді ұсынатын клиника жайында болып отыр.

Жарияланым авторларының мәлімдеуінше, комик аталған орталықтың жұмысын жеке тексеріп көрген. Ол Алматыдағы филиалда толық урологиялық тексеруден өткен делінеді. Сонымен қатар, Сабыровты шетелдегі жоба – Дубайда ашылуы жоспарланған филиалдың өкілі ретінде сипаттаған.

Клиника ұсынатын қызметтер қатарында урологиялық операциялар, кеңестер және психологиялық қолдау бар. Атап айтқанда, медициналық орталықта түрлі хирургиялық процедуралар, сондай-ақ уролог, сексолог және психолог мамандардың қабылдауы қарастырылған.

БАҚ келтірген деректерде қызмет құны да көрсетілген. Мысалы, кейбір процедуралар ондаған мың рубль көлемінде бағаланатыны айтылған.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Сабыровқа Ресейге кіруге қатысты шектеу қойылғаны хабарланған еді. Сарапшылардың пікірінше, бұл шешімді қайта қарау мүмкіндігі болғанымен, оның күші жойылуы екіталай.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор